Ирандық шахматшы Азия чемпионатында екінші орынға ие болды
Жел 18, 2018 20:55 Asia/Almaty
Ирандық шахматшы Мұхаммад Амин Табатабаи Азия чемпионатында шахматтан жеке есепте екінші орынға ие болды.
Азия чемпионатында Иранның намысын қорғаған Мұхаммад Амин Табатабаи Филиппиндегі Макати қаласында өткен жарыстың соңғы кезеңінде қытайлық бәсекелесімен тең түсті.
Сейіт Мұхаммад Амин Табатабаи осы нәтижемен бірге 6,5 ұпай жинап, екінші орынды иеленіп, әлем чемпионатына қатысуға жолдама алды.
Бұл – Азия чемпионатындағы шахмат бойынша жеке есептегі ең үздік көрсеткіш. Мұның алдында 2003 жылы Катарда Эсан Қайем Мақами екінші орын алған болатын.
Табатабаи екінші орын алып, 7300 доллар көлеміндегі ақшалай сыймен марапатталды.
Тегтер