Жел 19, 2018 08:53 Asia/Almaty
  • Ирандық профессор әлемнің үздік зерттеушілерінің қатарына кірді

Иранның Бушеһр қаласындағы Парсы шығанағы университетінің профессоры Парвиз Малекзаде ғылыми зерттеулер бойынша әлемнің үздік ғалымы ретінде таңдалды.

IRNA ақпарат агенттігінің сейсенбі күнгі хабарлауы бойынша, Бушеһрдегі Парсы шығанағы университетінің ректоры Абдулмаджид Мослеһ: "Ислам әлемінің ғылыми деректер орталығы (ISC) Парвиз Малекзадені әлем бойынша 1 пайызды құрайтын ғылыми деректері көп зерттеушілердің бірі ретінде таңдады.

Парвиз Малекзаде өз мақалаларын 2008-2017 жылдар аралығында екі инженерлік сала бойынша жариялаған",- деді.

Мослеһтің айтуынша, Ислам әлемінің ғылыми деректер орталығы (ISC) жыл сайын интернет базаларында жарияланған нәтижелер негізінде ғылыми деректері көп ең үздік зерттеушілердің есімдерін тауып, жариялап отырады.

 

 

Тегтер