АҚШ Израильдің Жерорта теңізінің газ ресурстарын Еуропаға тасымалдау әрекетін қолдады
Сионистік режим АҚШ-тың Жерорта теңізінің шығыс аймақтарындағы табиғи газ қорларын Еуропаға тасымалдау жобсына қолдау көрсетіп отырғанын мәлімдеді.
Associated Press ақпарат агенттігінің Бейт ул-Мұқаддастан хабарлауы бойынша, сионистік режимнің премьер-министрі бейсенбі күні Грекия және Нетаньяху Кипрмен келесі жылы АҚШ-тың көмегімен Жерорта теңізінің шығыс бөлігінен Еуропаға газ құбырын салу туралы келісімге қол қойғанын мәлімдеп: "Жерорта теңізінің шығысынан Еуропаға газ тасымалдау жайлы шамамен 6-7 жылға созылатын құны 7 миллирд долларды құрайтын жоба энергетикамен қамтамасыз етіп, бұл аймақта айтарлықтай өзгеріс тудырып, Еуропаның энергетика нарығындағы Ресей үстемдігін азайта алады",- деді.
Жерорта теңізінің шығысынан Еуропаға газ тасымалдау туралы жобасының идеясын алғаш рет сионистік режимнің энергетика министрі Юваль Штайниц Абу-Дабиде өткен энергетика конференциясы барысында айтқан болатын. Бұл идея Ливанның қарсылығына тап келген. Себебі, Бейрут бұл ресурстардың бір бөлігі осы елге тиесілі теңіз территориясында орналасқан деп санайды.