Жел 22, 2018 15:24 Asia/Almaty
  • Reuters азық-түлік және фармацевтикалық компаниялардың Иранмен келісім жасай алмайтынын хабарлады

Reuters ақпарат агенттігі жұма күні: "Америкалықтардың уәждеріне қайшы АҚШ санкцияларының салдарынан азық-түлік және дәрі-дәрмек өндіретін компаниялар ирандық тараптармен жасаған келісімдердің күшін жойып жатыр.

Бұл келісімдердің күші АҚШ-тың Иранға қарсы біржақты санкцияларынан осы келісімдермен байланысты қаржылық операцияларға қажет банктік жүйені бұзғандықтан жойылып отыр",- деп мәлімдеді.

Есімі аталмауын қалаған бір еуропалық басшы Reuters ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: "Қолда бар механизмдерді пайдаланып, ақша төлемдерін жүзеге асыратын ешқандай мүмкіндік жоқ. Халықаралық кәсіпкерлер қазір Иранмен сауда-саттық жасай алмайды",- деді.

Мұның алдында америкалық басшылар Вашингтонның Иранға қарсы заңсыз әрі қатаң санкцияларының дәрі-дәрмек және басқа да гуманитарлық салаларды қамтымайтыны туралы уәж айтқан болатын.

 

 

Тегтер