Ирандық шахматшы әлем чемпионатында екінші орын алды
Жел 29, 2018 15:13 Asia/Almaty
ИИР-ның шахматшысы Сара Садат Хадем әш-Шарие рапид шахматы бойынша өткен әлем чемпионатында екінші орын алды.
IRNA ақпарат агенттігінің жұма күнгі хабарлауы бойынша, Хадем әш-Шарие Санкт-Петербург қаласында рапид шахмат түрі бойынша өтіп жатқан әлем чемпионатында жеті рет жеңіске жетіп, төрт кездесуде ұпай теңестіріп, бір рет жеңіліске ұшырап, екінші орынды иеленді.
Рапид шахматы бойынша әлем чемпионатының ерлер арасындағы сайыс соңғы кездесуге жетті.
Чемпионаттың блиц шахматы бойынша бөлімі сенбіден басталып, екі күнге созылады.
Тегтер