Лавров: 2018-ші жыл Ресей үшін қиын жыл болды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i40647-Лавров_2018_ші_жыл_Ресей_үшін_қиын_жыл_болды
Ресей Сыртқы істер министрі 2018-ші жылдың Ресей үшін қиын жыл болғанын, бұл жылы Мәскеудің бәсекелес елдер тарапынан бұрын-соңды болмаған қысым көргенін айтты.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаң 01, 2019 14:03 Asia/Almaty
  • Лавров: 2018-ші жыл Ресей үшін қиын жыл болды

Ресей Сыртқы істер министрі 2018-ші жылдың Ресей үшін қиын жыл болғанын, бұл жылы Мәскеудің бәсекелес елдер тарапынан бұрын-соңды болмаған қысым көргенін айтты.

ИРНА ақпарат агенттігінің Мәскеуден хабарлауы бойынша, Сергей Лавров Жаңа жыл қарсаңында сөйлеген сөзінде: «2018-ші жылы Ресейге қарсы үлкен қысымды АҚШ жобалады. Өкінішке орай, еуропалық серіктестер тәуелсіз әрррекет етуге дайын емес. Олар тіпті өз мүдделеріне шығын келетін жағдайда да Ресейге қысым көрсету үшін АҚШ-ты қолдайды»,- деді. Лавров Путин мен Трамптың кездесу мүмкіндігі туралы: «Біз америкалықтармен келіссөз өткізуге дайын екенімізді сан рет жарияладық. Енді Ресеймен неліктен келіссөз жүргізбейтіні туралы сұрақты оларға қою керек»,- деді.