Қаң 05, 2019 23:48 Asia/Almaty
  • Исламдық Азат университеті ESI стандарттар базасында дүние жүзі бойынша 109-шы орынға шықты

Исламдық Азат университеті ректорының зерттеулер және технологиялар бойынша орынбасары Бижан Ранджбар ESI стандарттар базасының соңғы есебі бойынша, Исламдық Азат университетінің 46961 ғылыми құжат және жалпы 315132 сілтемемен дүние жүзі бойынша 109-шы орынға көтерілгенін хабарлады.

Бижан Ранджбар университеттің білім беру, зерттеу, технология мен инновация саласындағы басты мақсатына тоқталып: "Технология саласында отандық және халықаралық университеттер арасында үздік атану – біздің маңызды мақсаттарымыздың бірі. Бұған жету үшін университеттің коммерцияландыру, өнеркәсіп пен технологияны дамыту және ғылым өндірісі салаларындағы миссиясы дұрыс орындалуы керек",-деді.   

 

Тегтер