Қазақстан сауатты жастары бар 10 мемлекеттің қатарында
Ұлыбританиядағы бір сараптау орталығы маманының жастардың сауаттылығы бойынша жасаған рейтингі бойынша Қазақстан тоғызыншы орында тұр.
Fars ақпарат агенттігінің мәліметінің хабарлауы бойынша, бұл маманның мәліметіне сәйкес, Қазақстанға қатысты нәтижелер өте тамаша.
Бұл рейтингте мемлекеттердің білім беру жүйесінің жағдайы, жастардың білім деңгейі, "Нобель" сыйлығының жүлдегерлері мен жалпы халықтың сауаттылық деңгейі назарға алынып, нәтижесінде 25 мемлекет сауаттылық деңгейі бойынша бағаланған.
Аталмыш рейтингке сәйкес, Сингапур, Оңтүстік Корея мен Тайвань секілді шығыс елдері, тіпті "Нобель" сыйлығы жүлдегерлері санының аз болуына қарамастан, ең ақылды жастарға ие мемлекеттер саналады.