Сандерс әлемді озбыр Сауд режимін жауапқа тартуға шақырды
(last modified Fri, 18 Jan 2019 13:14:29 GMT )
Қаң 18, 2019 19:14 Asia/Almaty
  • Сандерс әлемді озбыр Сауд режимін жауапқа тартуға шақырды

АҚШ-тың Вермонт штатының сенаторы Сандерс АҚШ пен халықаралық қауымдастықтың Сауд Арабиясының озбыр режимін жауап беруге мәжбүрлейтін кезі жеткенін мәлімдеді.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Берни Сандерс бейсенбі күні Twitter-дегі жеке парақшасында: "Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммад бен Салман дамуды талап ететін бір реформатор ретінде мадақталып жатқанда оның саяси белсенділерді түрмеге қамау, азаптау және өлтіруден рекорд жасағаны басқа шындықты көрсетіп отыр",-деп жазды.

Сауд Арабиясында адам құқығына қарсы әрекеттер Мұхаммад бен Салман тақ мұрагері болғаннан кейін айтарлықтай артты.

Сауд режиміне қарсыларды түрмеге қамау, азаптап, өлтіру және Йеменге шабуыл жасау – Бен Салманның адам құқығына қарсы әрекеттерінің айқын үлгілері. Бұл үнемі халықаралық қауымдастық тарапынан айыпталып келеді.

Адам құқығын қорғау ұйымы 2018 жылы Сауд Арабиясын мыңдаған адамды сот өткізбей, жылдар бойы қамауда ұстады деп айыптады.

Бұл ұйымның мәліметі бойынша, қамалғандардың кейбіреуі, тіпті 10 жылдан астам уақыт бойы ешбір үкімсіз Сауд Арабиясының түрмелерінде болған.

 

 

Тегтер