Нигерия халқы Марзия Һашемидің АҚШ-та тұтқындалуына наразылық білдіріп, шеруге шықты
Қаң 23, 2019 14:12 Asia/Almaty
Нигерияның мұсылман халқы Press TV арнасы тележүргізушісінің АҚШ-та тұтқындалуына наразылық білдіріп, шеруге шықты.
Press TV арнасының мәліметі бойынша, Нигерия исламдық қозғалысының шақыруымен ел астанасы Абуджа қаласында өткен шеруде шерушілер Press TV арнасының негізі америкалық тілшісі Марзия Һашемиді ешбір шартсыз азат етуді талап етті. Шерушілер еш айыпсыз тұтқындаған мұсылман әйелге АҚШ үкіметінің көрсетіп отырған әрекетін заңсыз әрі адамгершілікке қайшы деп атады.
Марзия Һашемидің тұтқындалуы әлем деңгейінде кең ауқымды наразылықтарға себеп болды.