Әл-Хабиб: Сионистік режимнің қылмыстарын тоқтату керек
БҰҰ-дағы Иранның тұрақты өкілі Исхақ әл-Хабиб сионистік режимнің заңсыз әрекеттерінің алдын алмаудың бұл режимді одан сайын арсыздандыра түскеніне тоқталып: «Әлем сионистік режимнің қылмыстарын тоқтатуы керек»,- деп баса айтты.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Исхақ әл-Хабиб сейсенбі күні «Таяу Шығыс және Палестина мәселелері» тақырыбында өткен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Израиль режимінің 70 жылдан астам уақыт бойы палестиналықтардың заңды құқықтарын бұзып келе жатқанын қуаттап: «Сионистік режим тек 2018-шы жылдың өзінде шамамен 300 палестиналықты өлтіріп, 29000-нан астам адамды жаралады. АҚШ сионистік режимді қолдап, БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесін сындарсыз ұйымға айналдырды. Соның салдарынан сионистік режим өзінің қысқа билігінде 15-тен астам соғыс ашып, әртүрлі мемлекетерге шабуыл жасады. Сионистік режим осыдан біраз уақыт бұрын Иранды ядролық қарумен жоятыны туралы қоқан-лоққы жасады. Онысы бос сөзден басқа ештеңе емес»,- деді.