Уаһабизм – ислам әлеміндегі жікшілдік пен қантөгістің факторы
Ислам революциясы Сақшылар корпусы Құдс күштерінің қолбасшысы генерал Солеймани: «Пәкістандағы Сауд Арабиясы қолдайтын тәкфиршілер бұл елдің Үндістан, Ауғанстан және тағы басқа шекаралас елдеріне дұшпандық шабуыл жасап, қиындық тудырып отыр. Пәкістан бұл істі дұрыс түсінуі керек», - деді.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Ғасем Солеймани бейсенбі күні Иранның солтүстігіндегі Бабол қаласындағы шәһидтерді еске алу рәсімінде сөйлеген сөзінде уаһабизмнің ислам әлеміндегі жікшілдік пен қантөгістің факторы екенін қуаттап: «Пәкістан үкіметі мен халқы Сауд Арабиясы ақшаларының тәкпіршіл лаңкестердің қолына түсіп, Пәкістанды ислам әлеміне қарсы қоюға рұқсат бермеуі қажет екенін түсінуі керек»,- деді.
Сауд режимі АҚШ-тың қолдауының аясында аймақта соққы беруші рөл атқарып, лаңкестерді қолдау арқылы бейберекеттіктерді Иранның ішіне енгізгісі келеді. Пәкістанның шекара аймақтарындағы лаңкестік жарылыс пен Сауд режимінің лаңкестерді қаржымен қамтамасыз етуі әрі Пәкістанның лаңкестікпен күресуге құлықсыздығы тәкпіршілердің кейбір кездері Иранның шекара аймақтарын қатерге тіреуіне себеп болды.
Лаңкестердің 2019 жылдың 13 ақпанындағы Иранның 27 шекарашысының шәһид болуына соқтырған Систан-Балучистан облысындағы лаңкестік қылмыс лаңкестердің Пәкістан шекара аймақтарындағы Иранға қарсы мақсаттары мен олардың Сауд режимінің қолдауына ие екенін көрсетті.
Пәкістанда уаһабизм ой-пікірі етек жайып, саудиялық қаржымен басқарылатын діни медреселер лаңкестерді тәрбиелейтін орталықтарға айналды. Еуроодақ Сауд Арабиясының лаңкестікті қаржымен қамтамасыз етуіне байланысты бұл елді қара тізімге енгізді. Бұл туралы АҚШ Өкілдер палатасының өкілі Ро Ханна бір апта бұрын айтқан сөзінде «Сауд Арабиясы америкалық қару-жарақты Йемендегі әл-Қаиданың лаңкестік тобына жеткізеді»,- деді.
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Баһрам Ғасеми да: «Әлемдегі, әсіресе Таяу Шығыс аймағындағы лаңкестік Сауд Арабиясы мен экстремистік ой-пікірлерден басталды»,- деп баса айтты.
Пәкістан уаһабизмнің ықпалы мен оның ой-пікірінің Сауд Арабиясының қолдауына ие діни медреселерде оқытылуына байланысты тәкпіршілердің әрекеттерінің орталығына айналды. Осындай жағдайда пәкістандық басшылардан елдеріндегі лаңкестердің Иранда лаңкестік әрекеттерге баруына қарсы шара қолдану күтіледі. Пәкістан үкіметінің лаңкестікке қарсы қазіргі күресіне Иран наразы болғандықтан Пәкістан үкіметінен ортақ шекараларда тұрақты қауіпсіздік орнату саласында талпыныстарын арттыруды талап етіп жатыр. Кері жағдайда Иран өз шекараларын қорғап, лаңкестермен күресіп, Заһедандағы лаңкестік әрекеттің салдарынан шәһид болған шекарашыларының кегін алуға дайын.
Ислам революциясының Сақшылар корпусы Құдс күштерінің қолбасшысы генерал Солеймани қуаттағандай, ИИР ирандық жастардың қандарымен қолдары былғанған тәкпіршілерден кек алады.