Ресей мен Қытай АҚШ-тың Венесуэлаға қарсы қарарына вето жариялады
(last modified Fri, 01 Mar 2019 11:07:54 GMT )
Нау 01, 2019 17:07 Asia/Almaty
  • Ресей мен Қытай АҚШ-тың Венесуэлаға қарсы қарарына вето жариялады

Ресей мен Қытай АҚШ-тың БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне Венесуэла үкіметіне қарсыларды қолдау туралы ұсынған қарарының жобасына теріс дауыс берді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі бейсенбі күні АҚШ пен Ресейдің Венесуэла туралы екі қарарының жобасын талқылау үшін жиналыс өткізді.

АҚШ ұсынған қарардың жобасында Венесуэла үкіметіне қарсылардың жетекшісі Хуан Гуайдоны қолдап, елде тез арада мерзімінен тыс сайлау өткізу сұралды.

Ресей ұсынған қарардың жобасында Венесуэланың заңды Президенті әрі халық таңдаған Николас Мадуроны қолдау туралы айтылған. Бұл жобасында да АҚШ-тың қысымы салдарынан бекітілмеді.

Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Василий Небензя бұл қарарларды дауысқа салмас бұрын АҚШ ұсынған қарарды екіқырлы стандарттардың қосындысынан тұрады деп атап: "Вашингтон Венесуэладағы қақтығыстарды күшейтіп, режим ауыстыру қастандығын бұл жолы осы елде жүзеге асыруға талпынып жатыр",-деп қуаттады.