Ресей: АҚШ Иранмен ынтымақтастық жасайтын елдерді бопсалайды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i41444-Ресей_АҚШ_Иранмен_ынтымақтастық_жасайтын_елдерді_бопсалайды
Атом Қуаты Халықаралық Агенттігіндегі (АҚХА) Ресейдің тұрақты өкілі сейсенбі күні Агенттіктің Басқармалар кеңесінің отырысында АҚШ-тың Иранмен ынтымақтастық жасайтын елдерге қарсы бопсалау саясатын жүргізетінін мәлімдеді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Нау 06, 2019 11:23 Asia/Almaty
  • Ресей: АҚШ Иранмен ынтымақтастық жасайтын елдерді бопсалайды

Атом Қуаты Халықаралық Агенттігіндегі (АҚХА) Ресейдің тұрақты өкілі сейсенбі күні Агенттіктің Басқармалар кеңесінің отырысында АҚШ-тың Иранмен ынтымақтастық жасайтын елдерге қарсы бопсалау саясатын жүргізетінін мәлімдеді.

Fars ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Михаил Ульянов АҚШ үкіметінің Иранмен ынтымақтастық жасайтын елдерді қорқытуын айыптап: «Вашингтон «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан кейін Иранмен ынтымақтастығын жалғастырып отырған елдерге қарсы экономикалық бопсалау саясатын бастады. АҚШ-тың әрекеттерінің салдарынан «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы әлсіреп, ядролық және экономикалық мәселелерге қатысты баптарының теңгерімі бұзылды; келісімнің экономикалық тұрғысына ауыр соққы жасалды, бірақ ядролық мәселеге қатысты бөлімдері әлі іске асырылып жатыр»,- деді.