Трамп Батыс қоғамында нәсілшілдікке әуестіктің артқанын теріске шығарды
Соңғы жылдары Батыс елдерінде әсіре оңшылдық пен нәсілшілдікке әуестіктің таралуы босқындар дағдарысы салдарынан мыңдаған мұсылман босқын осы елдерге ағылған соң қарқындай түсті.
Еуропада, АҚШ пен Океанияда әсіре оңшыл топтар мен партиялар өз елдерінен босқындардың шығарылуын талап етіп отыр. Олардың көбісі мигранттар мен босқындарға қарсы қатігездікті таратушы және соған ынталандырушы болып табылады. Соңғы жылдары Батыста босқындарға қарсы шабуылдар көбейді. Кейде әсіре оңшыл, нәсілшіл бір немесе бірнеше адам босқындарға қарумен шабуыл жасап, өлтіреді. Қазір іс жүзінде әсіре оңшыл терроризм деп аталатын құбылыс таралып келеді.
Осындай шабуылдардың бір үлгісі жұма күні Жаңа Зеландияның Крайстчерч қаласында көрініс тапты. Онда рақымсыздықпен жаппай қыру оқиғасы орын алды. Бұл оқиғаның басты күдіктісі 28 жастағы Брентон Таррант – Аустралия азаматы. Ол бұрын әлеуметтік желідегі өз парақшасында мұсылман босқындардың Еуропа жерлерінде болуына талай рет ашу-ыза білдірген болатын. Ақпарат құралдарында таралған сурет оның өткен жылдары Швеция мен Канада сияқты елдерде босқындар мен мұсылмандарға шабуыл жасаған қарулы басқыншылардың аттарын өз қаруының бетіне ойып жазып алғанын көрсетеді.
Батыс елдерінің басшылары мен Ақ үйдің сырттай осы лаңкестік әрекетті айыптағанына қарамастан, нәсілшілдікке әуес АҚШ Президенті Дональд Трамп Жаңа Зеландиядағы лаңкестік шабуылда нәсілшілдік сипаттың болмағанын айтып, ақ нәсілділердің әсіре ұлтшылдығы мен өзін артық санауын белең алып бара жатқан проблема санамайтынын мәлімдеді. Трамп жұма күні тілшілердің нәсілшілдік қаупі туралы сұрағына берген жауапта: "Менің ойымша, мәселе өте терең қиындықтарға ие бір шағын топта ғана",-деді.
Трамптың өзінің ұстанымдары және шараларымен нәсілшіл және әсіре оңшыл топтарды қолдап, ынталандырады, сонымен бір мезілде олардың нәсілшіл және босқындармен жауласу мақсаттарға ие екеніне тікелей меңзеп, сынауға тыйым салумен айыпталып отырғаны бірінші рет емес. Трамп 2017 жылы АҚШ-тың Вирджиния штатындағы Шарлоттсвилл қаласында нәсілшілдікке қарсы бір әйелді өлтірген ақ түсті нәсілшілдердің қылмысын айыптаудан ашық түрде бас тартты. Бұл оның қатты сынға ұшырауына себеп болды.
Америкалық ақпарат құралдары жұма күні осы оқиғаны Жаңа Зеландиядағы екі мешітке жасалған лаңкестік шабуылмен салыстырып, әртүрлі діндер мен ұлттарға жиіркеніш сезімін тарату мен исламофобияның таралу қатерін еске салды.
Трамп өзінің билігі барысында нәсілшілдік, әсіре оңшылдықтың, әсіресе исламмен жауласудың таралуына дем беріп, іс жүзінде мұсылмандарға қарсы қатігездікті таратып отыр.
Трамптың исламмен жауласу жолындағы шаралары мен қатынасы АҚШ пен Батыстың басқа елдерінде ислам мен мұсылмандарға қарсы қатігездіктің өршіп кетуіне алаңдаушылықтарды арттырып отыр.