Майк Помпео Иранға қарсы айыптарын қайталады
АҚШ Мемлекеттік хатшысы ИИР-на қарсы бос сөзін жалғастырып, Теһранды Батыс Азия аймағында соғыс отын өршітіп отыр деп тағы айыптады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Майк Помпео сәрсенбі күні АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының бюджет бөлу комитетінде 2020 жылға арналған бюджет жобасын қорғау жиналысында Иран Ислам Республикасын авторитарлы режим деп атап, осы елдің өз қаражатын Иракта, Йемен мен Сирияда және тағы басқа жерлерде соғысты үдетуге жұмсап жатқаны туралы уәж айтты.
Майк Помпео Вашингтонның Батыс Азия аймағының істеріне араласуын ақтау үшін айтқан сөзінде «Теһран Батыс Азия мен одан тыс аймақтарда бейбітшілік пен қауіпсіздікті әлсірету үшін басқыншылық жасап жатыр. АҚШ оған қарсы тұру үшін өз одақтастары және серіктестерімен бірігіп әрекет етеді",-деді.
АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан біржақты түрде шыққаннан кейін Иранға қарсы жан-жақты майдан ашып, басқа елдерді өзіне ілестіруге күш салып жатқанымен Иранға қарсы бұл әрекеттер осы күнге дейін еш нәтиже бермей, жеңіліс тапты.