Ресей әскерилері Венесуэлада екіжақты келісімдер негізінде орналасқан
Ресей СІМ-нің ақпарат хатшысы: «Бұл елдің әскерилері Венесуэлада әскери-техникалық ынтымақтастық туралы екіжақты келісімдер аясында орналасқан»,-деді.
Мария Захарова: «Ресей әскерилерінің Венесуэладағы құзыры аймақтағы күштер теңгерімін өзгертпейді. Ресей Венесуэла үкіметімен заңды әріптестігін жалғастырады»,-деді.
Захарова: «Венесуэла Президенті Николас Мадуро – бұл елдегі жалғыз заңды күш. Оппозиционерлердің басшысы Хуан Гуайдоның заңды күші жоқ»,-деді.
Ресей СІМ-нің ақпарат хатшысы, сондай-ақ, кейбір Батыс ақпарат құралдарында Ресейдің Венесуэлада әскери база ашуға ниеттеніп отырғаны туралы таралған ақпараттарға реакциясында: «Венесуэлада бөгде елдің әскери базаларын орналастыру бұл елдің заңдарына қайшы»,-деп еске салды.
АҚШ үкіметі халықаралық ережелерге керісінше Венесуэла үкіметіне қарсыларды қолдау арқылы осы елдің заңды үкіметін құлатуды көздеп отыр.