Вашингтон: Мәскеу – АҚШ үшін жалғыз шынайы қатер
АҚШ армиясы штабының басшысы Ресейдің ядролық нысандарының құдіретіне тоқталып, Мәскеуді қазіргі таңда АҚШ үшін жалғыз шынайы қатер деп атады.
АҚШ армиясы штабының басшысы генерал Марк Милли сейсенбі күні Ресейдің АҚШ-ты жойып жібере алатын ядролық қаруларға ие әлемдегі жалғыз ел екенін, сондықтан Вашингтон үшін жалғыз шынайы қатер саналатынын айтып: "Ресейдің мұндай күш-қуаты Мәскеу АҚШ-қа қарсы әскери операциялар жасауды көздеп отырғанын білдірмейді",-деді.
АҚШ-тың осы жоғары лауазымды әскери тұлғасы Ресейдің бұрынғы құдіретін қайтарып алу үшін НАТО-ны әлсіретуге күш салатынын да айтты.
АҚШ армиясы штабының басшысы НАТО-ның Орталық және Шығыс Еуропада жүйелі түрде дамытылып жатқанына, сондай-ақ, Украинада дағдарыс басталғаннан кейін бұл ұйымның Польша, Румыния мен Балтық теңізіндегі әскери құзырының нығайтылғанына немесе АҚШ-тың зымырандық қалқан кешендерінің Еуропаның әртүрлі аймақтарында орнатылғаны туралы мүлдем сөз қозғаған жоқ.
Осындай жағдайда АҚШ Президенті Дональд Трамп Ресейдің АҚШ үшін қауіпсіздік саласындағы қатерге айналмайтынына үміт білдірген болатын.