Сәу 08, 2019 16:50 Asia/Almaty
  • Лариджани: АҚШ-тың арсыз әрекеттері халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті бұзды

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы АҚШ-тың екіжүзді әрі арсыз әрекеттерінің халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті бұзғанын айтты.

Әли Лариджани жексенбі күні Қатардың астанасы Доха қаласында өткен халықаралық парламентаралық одақтың 140-шы ассамблеясында сөйлеген сөзінде: «Америкалық басшылардың Ресеймен арадағы зымырандық келісімді бұзуы, Қытай мен еуропалық мемлекеттер арасындағы экономикалық мәселелерге қатысты әрекеттері, әлемдік деңгейдегі климат және ядролық мәселеге қатысты келісімдерден шығуы, лаңкестікпен күрес саласындағы екіжүзділіктері, қасиетті Құдс пен Палестина жерлерін басып алу мақсатындағы арсыз  әрекеттері бейбітшілік пен қауіпсіздікті қатерге тіреді»,- деді. Лариджани АҚШ-тың Сирияның Голан жоталарын Израиль режимінің жері деп ресми жариялауын сынап, бұл шешімді басқыншылық деп атап, сондай-ақ, сионистердің әл-Ақса мешітіне жасаған жуырдағы шабуылы мен Құдстың діни және ұлттық болмысын жою әрекеттеріне тоқталып, адамзат пен халықаралық заңдарға қайшы билеп-төстеуші әрекеттерді америкалық-израильдік саясаттардың салдары деп атады.  

 

 

Тегтер