Иранның ұлттық классикалық күрес командасы Азия чемпионы атанды
Сәу 29, 2019 14:49 Asia/Almaty
Иранның ұлттық классикалық күрес командасы 4 алтын және 3 қола медальмен Азия чемпионы атанды.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Қытайда өткен Азия чемпионаты 72 кг салмақтағы Мұхаммадреза Гераи, 82 кг салмақтағы Саид Абдуали, 87 кг салмақтағы Хосейн Нури мен 130 кг салмақтағы Амир Қасеми Монджазидің алтын медаль алуымен аяқталды. Сондай-ақ, бұл чемпионатта Саман Абдуәли, Мұхаммад Әли Гераи мен Мәһди Әлиари қола медаль иеленді. Иран командасы 165 ұпаймен чемпион атанды. Өзбекстан 163 екінші, Қазақстан 134 ұпаймен үшінші орында орналасты.