Пелоси: Ақ үйдің соғыс бастауға өкілеттігі жоқ
(last modified Fri, 17 May 2019 12:25:16 GMT )
Maм 17, 2019 18:25 Asia/Almaty
  • Пелоси: Ақ үйдің соғыс бастауға өкілеттігі жоқ

АҚШ-тың Өкілдер палатасының төрағасы Нэнси Пелоси: "Дональд Трамптың кеңесшілері соғыс бастауға өкілеттіктерін жоқтығын білсін",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Нэнси Пелоси бейсенбі күні өзінің апталық баспасөз конференциясында АҚШ үкіметі мүшелерінің Батыс Азия аймағына қатысты бағдарламалары мен амалдарын түсіндіру үшін Конгреске келуін талап етіп: "АҚШ Президентінің кеңесшілері соғыс бастауға өкілеттіктерін жоқтығын білсін",-деді.  

Пелоси: "Конституция бойынша, соғыс жариялау міндеті Конгреске артылған. Президенттің кеңесшілері ешбір жағдайда соғысқа қарай қозғалуға өкілетті емес екендіктерін білуі тиіс",-деп қуаттады.