Иран Гутеррешке жолдаған хатында аймақ елдері арасындағы келісссөздер туралы қуаттады
(last modified Sat, 25 May 2019 12:45:37 GMT )
Maм 25, 2019 18:45 Asia/Almaty
  • Иран Гутеррешке жолдаған хатында аймақ елдері арасындағы келісссөздер туралы қуаттады

БҰҰ-дағы Иранның тұрақты өкілі Маджид Тахтраванчи БҰҰ Бас хатшысы әрі Қауіпсіздік кеңесі төрағасына жолдаған хатында аймақтың сыртындағы іріткі салу мен арандату талпыныстар туралы ескерту жасады.

Тахтраванчи бұл хатында: «Осы кезде аймақтың  сыртындағы саяси топтардың жалған әрі адастыратын ақпарат арқылы Таяу Шығыс аймағындағы өз одақтастарының қолдауларына сүйеніп және аймаққа теңіз күштерін аттандырып, өздерінің заңсыз мүдделеріне жеткілері келетіні туралы мәліметтер бар»,- деп айтылды.

Ислам революциясы жетекшісі аятолла Хаменеи осыдан біраз уақыт бұрын Әлемдік Ахл әл-Бейт одағы және Исламдық телерадио одақтары мүшелерімен кездесуінде америкалықтардың аймақтағы саясаттарының үш бағытын анықтап, оларды аймақ елдері арасында қайшылықтар тудыру; исламдық елдерге  саяси, экономикалық және мәдени тұрғылардан араласу, сондай-ақ мұсылмандардың арасына іріткі салу деп атады. Парсы шығанағы аймағының қазіргі мәселелерін осы салада бағалауға болады. Аймақтың маңыздылығына назар аударта, БҰҰ-дағы Иранның өкілі бұл ұйымның Бас хташысына жолдаған хатындааймақ елдері арасындағы келіссөздерді Парсы шығанағы аймағының  қиындықтарын шешетін жалғыз жол деп атап, Бас хатшыдан бұл салада шара қолдануды сұрады.  Иран халықаралық қарым-қатынастар  негіздері мен аймақта тұрақытылық пен қауіпсіздік сақтаудың маңыздылығын  қолдап, әрқашан қақтығыс пен соғысты қабылдамады, сондай-ақ еш уақытта соғысты өзінің сыртқы саясаты стратегиясын алға ілгерлететін құрал ретінде пайдаланбайды.

Ислам революциясы жетекшісі  аятолла Хаменеи АҚШ режимінің санкциялар, соғыс және келіссөздер туралы әдепсіз сөздеріне тоқталып: "Соғыстың болмайтыны және келіссөздердің жүргізілмейтіні туралы қуаттаймын",- деді.

 

ИИР-ның пікірінше, аймақтың қазіргі мәселелері Парсы шығанағы аймағындағы елдердің келіссөздері арқылы шешіледі. Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф бұдан бұрын бұл салада Парсы шығанағы аймағында келіссөздер жүргізуді ұсынған болатын. Иранның көзқарасынша аймақтағы келіссөздер түсіністікті нығайтып, біраз мәселелерді шеше алады.

 

Тегтер