Maм 28, 2019 14:32 Asia/Almaty
  • Қытай мен Ресей Бахрейн отырысына қатыспайды

Палестинадағы Қытай елшісі дүйсенбіде Палестина Автономиялық құрылымы басшысының халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі Набиль Шааспен кездесуінде Бейжің мен Мәскеудің Бахрейн отырысына қатыспайтындары туралы хабарлады.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметінше, Палестинадағы Қытай елшісі Го Вей: «Палестина туралы Бахрейн отырысына қатыспау шешімі Қытай мен Ресейдің екіжақты отырысындағы келісім бойынша қабылданды»,- деді. Палестина Автономиялық құрылымы басшысының халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі бұл кездесуде Палестинаның Бахрейн отырысын қабылдамайтынын қуаттап: «Палестиналықтар бұл отырысқа қатыспайды»,- деп баса айтты.

Палестина Автономиялық құрылымы басшысы Махмуд Аббас Бахрейн отырысының «Ғасыр мәмілесі» жобасының бір бөлімі ретінде өтуіне реакция білдіріп: «Ғасыр мәмілесі» немесе «Сұм мәміле» тозаққа айналады. Сондай-ақ келесі айда өткізуге дайындық жасалып жатқан Бахрейн экономикалық отырысы да тозаққа жетеді»,- деп қосты.

 

Тегтер