Ауғанстандағы америкалық университетте сыбайлас жемқорлық анықталды
(last modified Sun, 02 Jun 2019 09:24:19 GMT )
Маусым 02, 2019 15:24 Asia/Almaty
  • Ауғанстандағы америкалық университетте сыбайлас жемқорлық анықталды

АҚШ-тың Ауғанстанды қайта жөндеуге бағытталған қоғамдық тексеріс басқармасы (CIGAR) осы елдегі америкалық университетте ондаған миллион доллардың жоғалып кеткенін хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, CIGAR басқармасының жуырдағы мәлімдемесіне сәйкес 2012 жылдан осы күнге дейін Вашингтонның Ауғанстандағы америкалық университетке бөлген 63 млн доллар көмекақысы жоғалып кеткен.   

CIGAR басқармасы, сондай-ақ, өз мәлімдемесінде америкалық университетте әрбір ауған студентке 4 жылдық бакалавриат үшін шамамен 126 мың доллар жұмсалғанын айтты.

Осыдан бұрын Ауғанстанның әкімшілік жемқорлықпен күрес басқармасының басшысы сейіт Хасан Фахри «Шетелдік басқыншы күштер, соның ішінде АҚШ күштері Ауғанстанда сыбайлас жемқорлықтың таралуында айтарлықтай рөл атқарды» деген болатын.

Тегтер