Еуропа университеттері ұстаздары сионистік режимге қарсы санкция енгізуді талап етті
Еуропа университеттерінің ұстаздары мен зерттеушілері Еуропа комиссиясына хат жолдап, Еуроодаққа мүше елдерден Израильге қару-жарақ сату мен сатып алуды тоқтатуды талап етті.
«Анатоли» ақпарат агенттігінің мәліметінше, Еуропа университеттерінің 150 ұстазы мен зерттеушісі Еуроодақ комиссиясына хат жолдап, бұл Одақтан Израильге қару-жарақ сату мен сатып алуды және бұл режимнің зертту жобаларына қатысуын тоқтатуды талап етті. Бұл хатта: «Израиль адам құқығын әшкере бұзуды тоқтатпағанша, бұл режимге қару-жарақ сату мен сатып алуға санкция енгізуді талап етті»,- деп айтылды. Еуропалық ұстаздар бұл хатында еуропалық азаматтардың зерттеулер үшін төлейтін салықтары мен «Horizon Europe» деген жобаға тоқталып: «Израильдің бұл жобаға қатысуы Еуроодақтың құныдылықтарына қайшы келеді»,- деп жазды.