Иран әлемдегі әділетсіздіктің алдын алатын механизмдер ойластыру қажеттілігін қуаттады
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Вице-спикері ИИР әлемде бейбітшілік пен тұрақтылық орнату және әділетсіздіктің алды алу үшін дұрыс заңнамалар қажеттілігін қуаттады.
«ИРНА» ақпарат агенттігінің мәліметінше, «Парламенттік жүйені дамыту» екінші халықаралық конференцияға қатысу үшін Мәскеуге сапар шеккен Масуд Пезешкон сандық әлемінің мұрсаттары мен қатерлеріне назар аудартып, табиғи ресурстарды қорғау және жастардың әлеуеттерін пайдалану, сондай-ақ кедейшілік және әділетсіздікпен күресу туралы қуаттады. Пезешкон «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына байланысты келіссөздердің ұзаққа созылуын еске салып, АҚШ-тың халықаралық заңдарға қайшы ядролық мәселеге қатысты келісімнен шығуын айыптап: «Вашингтон халықаралық келісімнен шыққан соң Иранға қарсы қысымдарды арттыру саясатты ұстанып, басқа елдерге де Иран арасындағы экономикалық қарым-қатынастарын тоқтаттыру үшін қысым көрсетуде»,- деді.
«Парламенттік жүйені дамыту» екінші халықаралық конференция әлемнің 131 елінің Парламент басшылары және өкілдерінің қатысуымен дүйсенбіде Мәскеуде өз жұмысын бастады.