Ирандық күресшілер Азия чемпионатында 3 алтын және 1 күміс медальге иеленді
Шіл 10, 2019 14:12 Asia/Almaty
Ирандық жас күресшілер Таиландтағы Азия чемпионатының бірінші күнінде грек-рим күресі жарыстарында 3 алтын және 1 күміс медальге иеленді.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметінше, Азия жастары грек-рим күресі жарыстары кеше сейсенбіде Таиландтың Чонбури қаласында басталды. Бірінші күнгі жарыстардан кейін ирандық күрешілер 77, 87 және 130 кг салмақтарында алтын және 63 кг салмақта күміс медальді жеңіп алды. Сөйтіп бірінші күнгі нәтижелері бойынша, Иран 103 пайызбен бірінші, Қазақстан 85 және Үндістан 70 пайызбен екінші және үшінші орында орналасты.