БҰҰ-да АҚШ-тың санкциялары айыпталды
АҚШ өзінің сыртқы саясатын алға ілгерлету үшін басқа елдерге қарсы әртүрлі санкциялар енгізу тәжірибені бұрыннан қолдануда. Дональд Трамптың билігі кезіндегі санкциялардың күшеюі халықаралық реакциялармен бетпе-бет келді.
Бұл салада БҰҰ Адам құқығы кеңесі 15 маусымда көпшілік дауыспен АҚШ санкцияларын айыптайтын қарарды бекітті. Бұл қарарды Венесуэла мен Палестина Қосылмау қозғалысы тарапынан ұсынған болатын. Бұл қарар 28 "оң", 14 "қарсы" және 5 "қалыс" дауыпен бекітілді. Венесуэла Президенті Николас Мадура бұл қақар бекітілген соң Адам құқығы кеңесіне мүше елдердің бұл қарарды бекітуді қолдағандарына алғысын айтып: "Бұл халықаралық ынтымақтастықты кеңейтіп, империалистік санкцияларды қабылдамайтын жеңіс",- деді. АҚШ бәскелес немесе қарсылас елдеріне қарсы санкцияларды әртүрлі саяси, сауда, қауіпсіздік және тіпті адам құқығының бұзылуы сынды әртүрлі сылтауларымен енгізгенімен, негізгі себебі Вашингтонның мүдделері екені белгілі. Трамп үкіметінің пікірінше, өз мақсатына жету үшін басқа елдерге қарсы санкциялар енгізу әсерлі құрал болып табылады. АҚШ Мемлекеттік хатшысының Еуропа және Еуразия істері жөніндегі орынбасары Арон Митчелл: "Санкциялар – стратегиялық құрал. Осы кезде АҚШ әлемнің түкпір-түкпірінде 4190 санкциясын енгізіп отыр",- деді.
Трамптың билігі кезіндегі АҚШ санкциялары басқа елдердің заңды үкіметтерін құлатуымен бірге сауда саласындағы бәсекелестеріне соққы беріп, экономикалық нарықты өз монополиясына алуды көздейді. Әр үш мемлекетке қарсы Трамп үкіметі санкцияларды олардың үкіметтеріне қысым көрсету және соңында оларды құлату үшін пайдалануда. Трамп Куба арасындағы қарым-қатынастарды қалыптастыру үдерісті тоқтатып, бұл елге қарсы санкцияларды қайтадан енгізді. Вашингтон 2017 жылдан бері Венесуэланың 150 басшысы мен ұйымдарына санкция енгізіп, бұл елдің солшыл үкіметіне қаржы және экономика тұрғысынан қатаң қысым көрсетпек болды. Трамп үкіметінің ең маңызды санкциялары Иранға қарсы енгізілді. Трамп 2018 жылдың мамырында "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан кейін Иранға қарсы бұрын-сонды болмаған санкцияларды енгізді. Санкциялар бұл елдің мұнайына да таралды. Соңғы кезде Трамп Иранға қарсы санкцияларды арттыру туралы қоқан-лоққы жасады. АҚШ-тың басқа елдерге қарсы біржақты санкцияларының зияндарына назар аудара, барлық елдердің Вашингтонның Қауіпсіздік кеңестің рұқсатысыз санкция енгізу әрекеттерін сынаулары - қажет іс. Бұл сынаулар АҚШ-ты өз шешімдерін қайта қаратуға мәжбүрлеу керек. Бұл салада әлем елдері АҚШ-тың санкцияларына біртұтас ұстаным білдірулері қажет.