Шіл 29, 2019 15:50 Asia/Almaty
  • Лондон халқы Палестинаға қолдау көрсетті

Лондонның жүздеген тұрғыны Палестина халқын қолдау ретінде қала көшелерінде велосипедпен жүріп өтті.

«Stop War» сайтының хабарлауынша, жүздеген велосипедші Лондонда 60 шақырым жүріп өтіп, сионистік режимнің жуырда палестиналықтарға қарсы жасаған шараларына наразылық білдіріп, Палестина халқын қолдайтындықтарын мәлімдеді.  

Бұл символикалық шара 2015 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді. Онда велосипедшілер Палестина туын қолдарына алып, велосипедтің қоңырауын шылдырлатып, Лондонның көшелерімен жүріп өтеді.

«Палестина үшін велосипед тебу» атты жыл сайынғы шараның төртінші кезеңінде Лондонның түкпір‑түкпірінен жиналған тұрғындар осы символикалық шараға қатысып, Палестинаға қаржылай көмек жинады.  

Велосипед тебу басталар алдында бірнеше бейбіт белсенді сөз сөйлеп, сионистік режимнің қылмыстарын айыптады.

Тегтер