Шейх Закзакидің жақындары оны емдеу барысында бүлдіргі әрекеттер болу ықтималын ескертті
(last modified Thu, 15 Aug 2019 06:52:16 GMT )
Там 15, 2019 12:52 Asia/Almaty
  • Шейх Закзакидің жақындары оны емдеу барысында бүлдіргі әрекеттер болу ықтималын ескертті

Нигерия исламдық қозғалысының белсенділері осы қозғалыс жетекшісін емдеу барысында бүлдіргі әрекеттер болуын ескертіп, Үндістанда шейх Закзакиге тез арада дәрігерлерге қаралуға рұқсат етілуін сұрады.

France Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Нигерия исламдық қозғалысы академиялық ұйымының хатшысы Абдулла Мұса сәрсенбі күні: «Нигерия үкіметініің Үндістанға жіберген өкілдері сенімді дәрігерлерге тез арада шейх Закзакиді тексеруге рұқсат берулері керек»,‑деді.  

Мұса: «Шейх Закзакиді оның өзі мен жақындары танымайтын дәрігерлер тексеруде. Бұл алаңдаушылық тудырады»,‑деді.

Нигерия исламдық қозғалысының академиялық ұйымының хатшысы Үндістан басшыларынан шейх Закзакидің жеке дәрігерлеріне оны тексеруге рұқсат беруін сұрады.

Мұса: «Үндістан басшылары халықтың құқықтарына құрмет көрсетпей, адамзатқа қарсы әрекет етіп отырған шетелдік алпауыттарға көмектеспеуі керек»,‑деді.

Тегтер