Джонсон Британияның Қауымдар палатасының қолдауына ие болмады
Қыр 04, 2019 13:01 Asia/Almaty
Ұлыбританияның билік басындағы консервативтік партияның наразы мүшелері мен Парламенттегі оппозициялық партиялар бұл елдің Премьер-министрі Борис Джонсонның ешбір келісімсіз Еуроодақтан шығу шешіміне тыйым салатын жобаға дауыс берді.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметінше, британиялық заңгерлер 327 "оң" және 301 "қарсы" дауыспен Джонсонды Еуроодақпен келісімге келгенше келіссөздер жүргізуге мәжбүрлейтін жобаны бекітті. Бұл дауыс беру мен оның нәтижесі - Қауымдар палатасының Еуроодақтан келісімсіз шығуына тыйым салу саласындағы бірінші қадамы. Британияның Еуроодақтан шығу үдерісіндегі қиындықтары осы кезге дейін Дэвид Кэмерон мен Тереза Мейдің үкіметтерінің құлдырауына себеп болды.