Еуропалық компаниялар Исфаханның болат көрмесіне қатысып жатыр
Қыр 05, 2019 07:51 Asia/Almaty
XI Халықаралық металлургия, металл құю, машина жасау және қосалқы өнеркәсіптер көрмесі 120-дан аса отандық және шетелдік компанияның қатысуымен 1-4 қыркүйек аралығында Исфахан қаласында өтті.
Бұл көрмеде Иранның әртүрлі облыстарында, соның ішінде Исфахан, Теһран, Хорасан-е Разави, Шығыс Әзірбайжан, Хормозган облыстарында және сондай-ақ Қытай, Ұлыбритания, Франция, Швейцария, Бельгия мен Чехия елдерінде болат өңдеу саласында жұмыс істеп жатқан компаниялар өз өнімдерін жұрт назарына ұсынды.








