Brexit дағдарысы – Қауымдар палатасының Джонсонмен түні бойғы текетіресі
https://parstoday.ir/kz/news/world-i43310-brexit_дағдарысы_Қауымдар_палатасының_Джонсонмен_түні_бойғы_текетіресі
Ұлыбританияның Қауымдар палатасы осы елдің Премьер-министрі Борис Джонсонның кезектен тыс сайлау өткізу туралы ұсынысына теріс дауыс берді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қыр 05, 2019 12:49 Asia/Almaty
  • Brexit дағдарысы – Қауымдар палатасының Джонсонмен түні бойғы текетіресі

Ұлыбританияның Қауымдар палатасы осы елдің Премьер-министрі Борис Джонсонның кезектен тыс сайлау өткізу туралы ұсынысына теріс дауыс берді.

Ұлыбританияның Қауымдар палатасы сәрсенбі күні кешке "Келісімсіз Brexit"-ке тыйым салу жобасын бекіткеннен кейін Борис Джонсон 2019 жылдың 15 қазанында кезектен тыс сайлау өтетінін хабарлады.

Ұлыбританияның Қауымдар палатасының өкілдері 329 оң және 300 теріс дауыспен осы елдің Еуроодақтан шығу мерзімін ұзартуға келісті.

Ұлыбританияның Қауымдар палатасы, сондай-ақ, Борис Джонсонның кезектен тыс сайлау өткізу туралы шарасынан кейін бұл елдің келісімінсіз Еуроодақтан шығуға тыйым салу жобасын бекітіп, Джонсонды тағы да жеңіліске ұшыратты.