Зариф еуропалықтарға: Иранның көңілін табудың қажеті жоқ, тек өз міндеттемелеріңізді орындаңыздар
ИИР Сыртқы істер министрі бейсенбі күні кешке Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін азайту мақсатында үшінші қадам жасайтыны жарияланғанына еуропалықтардың білдірген ұстанымдарына реакциясында: "Еуропалық тараптарға Иранның көңілін табу қажет емес, олардан тек өз міндеттемелерін орындау күтіледі",-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммад Джавад Зариф Индонезияның астанасы Джакартада тілшілерге берген сұхбатында еуропалықтардың ядролық келісім бойынша міндеттемелерінің барын айтып: "Бұл міндеттемелер АҚШ пен оның рұқсатына байланысты емес",-деді.
Зариф: "Еуропалықтар егер өз міндеттемелерін орындау үшін АҚШ-тан рұқсат сұрайтын болса, АҚШ-тың оларға ешқашан рұқсат бермейтінін білулері керек",-деді.
Иран Президенті Хасан Рухани сәрсенбі күні кешке Иран билігінің үш тармағы басшыларының отырысы соңында: "ИИР жұма күні "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін азайту мақсатында үшінші қадам жасайды",-деп мәлімдеді.