Әлемнің 40-тан аса елінде «Хұсейндік сәбилер» атты халықаралық басқосу өтті
Жұма күні, мұхаррам айының бірінші жұмасымен бір мезгілде исламдық Иранның 6 мыңнан аса жерінде және әлемнің 45 елінде «Хұсейндік сәбилер» атты халықаралық басқосу өтті.
«Хұсейндік сәбилер» атты жаһандық рәсім – Ашура күні шәһид болған сәбилерді еске алу мақсатында мұхаррам айында орындалатын діни рәсімдердің бірі. Бұл рәсім әлем мұсылмандары, соның ішінде Иран, Үндістан, Пәкістан, Ирак, Сауд Арабиясы, Түркия мен Ауғанстан мұсылмандары тарапынан мұхаррам айының бірінші жұмасында өткізіледі.
«Хұсейндік сәбилер» атты жаһандық рәсімде аналар сәбилеріне бірдей жасыл киім кигізіп, бастарына шиіттердің үшінші имамы хазірет Хұсейннің (ғ.) кенже ұлы хазірет Әли Асқардың аты жазылған байлауыш тағып, өздерінің Ахл-е бейтке сүйіспеншілігі пен адалдығын білдіреді.









