АҚШ Қорғаныс министрі: Иранның танкерін тұтқындауды көздемейміз
АҚШ-тың «Адриан Дария» танкерінің қозғалысына тосқауыл қоюға бағытталған талпыныстары сәтсіздікке ұшырағаннан кейін осы елдің Қорғаныс министрі: «Вашингтон бұл ирандық танкерді тұтқындауды көздемейді»,-деп уәж айтты.
Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Марк Эспер Лондонда тілшілерге берген сұхбатында Франция мен басқа елдердің Иранмен сұхбаттасу туралы ұсыныстарын қолдап: «Менің ойымша, егер Франция мен басқа елдер Иранды диалог өткізу үшін келіссөз үстеліне тарта алса, бұл жақсы қадам болмақ. Әрине, бұл тақырыпты қолдап, ілгерілетуші мен емес, АҚШ Мемлекеттік департаменті»,-деді.
Эспер «АҚШ-та «Адриан Дария» танкерін тұтқындау жоспары бар ма?» деген сұраққа: «Біз өз бағдарламаларымыз жайлы сұхбаттаспаймыз, бірақ қазіргі менің күн тәртібімде мұндай шара туралы ешқандай бағдарлама жоқ»,-деп жауап берді.
Ал АҚШ Қаржы министрлігі жұма күні таңертең: «Адриан Дария» танкеріне кез келген қызмет көрсеткен, соның ішінде оған отын жеткізген тарап АҚШ-тың санкциясына ұшырайды»,-деп мәлімдеді.