АҚШ Қорғаныс министрі: Иранның танкерін тұтқындауды көздемейміз
https://parstoday.ir/kz/news/world-i43325-АҚШ_Қорғаныс_министрі_Иранның_танкерін_тұтқындауды_көздемейміз
АҚШ-тың «Адриан Дария» танкерінің қозғалысына тосқауыл қоюға бағытталған талпыныстары сәтсіздікке ұшырағаннан кейін осы елдің Қорғаныс министрі: «Вашингтон бұл ирандық танкерді тұтқындауды көздемейді»,-деп уәж айтты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қыр 07, 2019 00:17 Asia/Almaty
  • АҚШ Қорғаныс министрі: Иранның танкерін тұтқындауды көздемейміз

АҚШ-тың «Адриан Дария» танкерінің қозғалысына тосқауыл қоюға бағытталған талпыныстары сәтсіздікке ұшырағаннан кейін осы елдің Қорғаныс министрі: «Вашингтон бұл ирандық танкерді тұтқындауды көздемейді»,-деп уәж айтты.

Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Марк Эспер Лондонда тілшілерге берген сұхбатында Франция мен басқа елдердің Иранмен сұхбаттасу туралы ұсыныстарын қолдап: «Менің ойымша, егер Франция мен басқа елдер Иранды диалог өткізу үшін келіссөз үстеліне тарта алса, бұл жақсы қадам болмақ. Әрине, бұл тақырыпты қолдап, ілгерілетуші мен емес, АҚШ Мемлекеттік департаменті»,-деді.

Эспер «АҚШ-та «Адриан Дария» танкерін тұтқындау жоспары бар ма?» деген сұраққа: «Біз өз бағдарламаларымыз жайлы сұхбаттаспаймыз, бірақ қазіргі менің күн тәртібімде мұндай шара туралы ешқандай бағдарлама жоқ»,-деп жауап берді.

Ал АҚШ Қаржы министрлігі жұма күні таңертең: «Адриан Дария» танкеріне кез келген қызмет көрсеткен, соның ішінде оған отын жеткізген тарап АҚШ-тың санкциясына ұшырайды»,-деп мәлімдеді.