Ұлыбританияның Лордтар палатасы Еуроодақтан келісімсіз шығуға тыйым салу жобасын бекітті
Ұлыбритания Лордтар палатасының өкілдері жұма күні Қауымдар палатасының осы елдің Еуроодақтан келісімсіз шығуын заңсыз деп тапқан қаулысын бекітті.
ParsToday ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, сәрсенбі күні Ұлыбританияның Қауымдар палатасында бекітілген бұл жоба Борис Джонсон үкіметін 31 қазанға дейін Еуроодақпен келісе алмаған жағдайда осы одаққа brexit-ті тоқтата тұру туралы өтініш жасауға міндеттеді.
Патшайым Элизавета дүйсенбі күні осы қаулыға қой қояды деп күтілуде.
Джонсон Ұлыбританияны келісіммен немесе келісімсіз 31 қазанда Еуроодақтан шығару қажеттігін баса айтып отыр. Ол ешқашан brexit уақытын 31 қазаннан кейінге қалдырмауға уәде берген болатын, бірақ қазір Парламенттің тосқауылына ұшырап отыр.