Қытайда Еуразия экономикалық қоғамдастық өз жұмысын бастады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i43388-Қытайда_Еуразия_экономикалық_қоғамдастық_өз_жұмысын_бастады
Еуразия экономикалық қоғамдастық мүше елдер өкілдерінің қатысуымен және Шанхай ынтымақтастық ұйымының әріптестігімен сейсенбі күні Қытайдың Шиан қаласында өз жұмысын бастады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қыр 10, 2019 17:26 Asia/Almaty
  • Қытайда Еуразия экономикалық қоғамдастық өз жұмысын бастады

Еуразия экономикалық қоғамдастық мүше елдер өкілдерінің қатысуымен және Шанхай ынтымақтастық ұйымының әріптестігімен сейсенбі күні Қытайдың Шиан қаласында өз жұмысын бастады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, осы екікүндік отырыста Азиядан Ресей, Пәкістан, Үндістан, Қазақстан, Тәжікстан мен Әзірбайжан өкілдері, ал Еуропадан Германия мен Молдова өкілдері қатысты.  

Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы осы қоғамдастық жиынын өткізудегі мақсатты Азия мен Еуропаның экономикалық жағдайын талқылау, сауда-экономикалық қатынасты қарқындату үшін екі құрлықтың әріптестік салаларын қарастыру деп жариялады.  

Владимир Норов: "Шанхай ынтымақтастық ұйымы аймақтың экономикасы үшін үлкен қадамдар жасады",-деді.

Еуразия экономикалық қоғамдастық – Азия және Еуропа елдері арасындағы экономикалық  ұйым. Бұл қоғамдастық 2000 жылдың 10 қазанында құрылды.