Ұлыбритания үкіметі Йеменге қарсы коалицияға қару-жарақ сатудан көп табыс табады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i43389-Ұлыбритания_үкіметі_Йеменге_қарсы_коалицияға_қару_жарақ_сатудан_көп_табыс_табады
Лондонда басылып шығатын бір газет Ұлыбритания үкіметінің Йеменге қарсы коалицияға мүше елдерге қару-жарақ сатудан түсетін табысының Лондонның соғыс отына оранған Йеменге жасап жатқан көмектерінен әлдеқайда көп екенін әшкереледі.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қыр 10, 2019 17:43 Asia/Almaty
  • Ұлыбритания үкіметі Йеменге қарсы коалицияға қару-жарақ сатудан көп табыс табады

Лондонда басылып шығатын бір газет Ұлыбритания үкіметінің Йеменге қарсы коалицияға мүше елдерге қару-жарақ сатудан түсетін табысының Лондонның соғыс отына оранған Йеменге жасап жатқан көмектерінен әлдеқайда көп екенін әшкереледі.

Observer газеті дүйсенбі күні бір есебінде Oxfam халықаралық көмек көрсету ұйымы жариялаған сандарға сүйеніп: "Ұлыбританияның өткен 4 жылдың ішінде Йеменге қарсы коалицияға мүше елдерге, әсіресе Сауд Арабиясы, БАӘ мен Бахрейнге қару-жарақ сатудан түскен табысы Лондонның Йеменге жасаған гуманитарлық көмектері көлемінен 8 есе артық",-деп жазды.

Observer газеті бұл салада Oxfam ұйымы басшысының Ұлыбритания үкіметінің бір жағынан Йеменге көмектесіп, екінші жағынан басқыншы коалицияға қару-жарақ сататын екіқырлы критерийлерін сынағанына тоқталып: "Oxfam британ үкіметінің осы саладағы саясатын үйлесімсіз деп атап, Лондоннан саудиялық басқыншы коалицияға қару-жарақ сатуды доғаруды сұрады",-деп жазды.