Ресей Батыстың Парсы шығанағында тұрақсыздық тудырушы рөлін сынады
(last modified Tue, 10 Sep 2019 17:29:47 GMT )
Қыр 10, 2019 23:29 Asia/Almaty
  • Ресей Батыстың Парсы шығанағында тұрақсыздық тудырушы рөлін сынады

АҚШ 2018 жылдың мамыр айында "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан біржақты негізде шыққаннан кейін Иранға барынша қысым жасау саясатын бастады. Оның ең маңызды салаларының бірі – Иран мұнайының экспортын тоқтату. Вашингтонның бұрын-соңды болмаған экономикалық санкциялары мен қысымдары екі елдің арасында текетірестің күшеюіне алып келді. Соның ішінде Ормуз бұғазы мен Парсы шығанағында қайшылықтар туындап отыр.

АҚШ Парсы шығанағында өз әскерилерінің санын артырып, халықаралық теңіз коалициясын құру арқылы (осы уақытқа дейін бұл коалицияға тек үш ел мүше болып кірді) осы шығанақтағы кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мақсат тұтады. Алайда Ұлыбританиядан басқа еуропалық елдер бұл коалицияны қолдамады.  

АҚШ пен оның кейбір серіктестері, әсіресе Ұлыбританияның Ормуз бұғазы мен Парсы шығанағында тұрақсыздық тудырушы шаралары Ресейдің қатаң сынына ұшырады. Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу дүйсенбі күні, 9 қыркүйекте Ресей мен Франция Сыртқы істер министрлерінің ортақ отырысынан кейін: "Егер ирандық кемелер мен танкерлер әлем бойынша бақылауға алынып, халықаралық заңдарды бұзды деп айыпталмаса, Парсы шығанағындағы жағдай қалпына келіп, тынышталады",-деп қуаттады.

Ресейдің бұл әскери қайраткері бұл сөзінде АҚШ-тың Парсы шығанағындағы текетірес пен тынышсыздық тудырушы шараларына меңзеп отыр. Бұл ел Иран мұнайының экспортын тоқтату мақсатында оған толық санкция салып, Иран мұнайын сатып алушыларға қоқан-лоққы жасап қана қойған жоқ, әлемнің әртүрлі жерлерінде ирандық танкерлерді тұтқындауға бар күшін салып жатыр.  Мұның айқын мысалы – бұрын "Grace 1" деп аталған Adrian Darya танкері. Ол бұрын Ұлыбританияның арнайы күштері тарапынан Гибралтар бұғазында Еуроодақтың Сирияға қарсы санкциялық заңдарын бұзуды деген айыппен тұтқындалды. Ақырында Лондон 40 күннен кейін 15 тамызда танкерді босатуға мәжбүр болды. Алайда АҚШ үкіметі танкердің атауы мен иесі өзгертілсе де, Жерорта теңізінің  шығысына бет алған бұл танкерді қудалауын тоқтатпай, осы танкер тоқтауы мүмкін Грекия, Түркия мен Ливан сияқты елдерге оған қызмет көрсеткен жағдайда санкцияға ұшырайды деп қоқан-лоққы жасады.

АҚШ, сондай-ақ, Adrian Darya кемесінің капитанына пара ұсынып көрді, бірақ сәтсіздікке ұшырады. Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф 4 қыркүйекте Twitter-дегі жазбасында америкалықтардың Adrian Darya кемесінің капитанына әсер ету үшін "қоқан-лоққы жасау мен пара беру" тәсілін қолданғанына реакция білдірді.

Зариф бұл жазбасында "Financial Times" газетінің АҚШ-тың Adrian Darya кемесінің капитанына әсер ету үшін "қоқан-лоққы жасау мен пара беру" тәсілін қолданғаны туралы мақаласының суретін жариялап, теңіз қарақшылығын жасауда сәтсіздікке ұшырағаннан кейін АҚШ-тың ашық түрде баж алуға кірісіп, ирандық танкердің капитанына "Иран мұнайын бізге тапсыр да, бірнеше миллион доллар ал. Болмаса, санкцияға ұшырайсың" деп айтқанын еске салды.

Осы мәселені ескере отырып, Мәскеу Батыс елдерінен, әсіресе АҚШ-тан Иранға қатысты қатынасын өзгертуін сұрады. Сонда ғана Парсы шығанағында тұрақтылық пен тыныштық орнатуға жағдай жасалады.  

Тегтер