Иранның көзқарасынша, санкция жағдайында АҚШ-пен келіссөз жүргізудің еш мәні жоқ
ИИР Президенті сәрсенбі күні кешке Франция Президенті Эммануэль Макронмен телефон арқылы сұхбатында АҚШ-тың көпжақты халықаралық келісім ретіндегі "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығу арқылы өз міндеттемелерін орындаудан жалтарғанын айтып: "Иран үкіметі, Мәжілісі мен халқының көзқарасынша, санкциялар сақталған жағдайда АҚШ-пен келіссөз жүргізудің еш мәні жоқ",-деді.
ИИР Президенті кеңсесінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Хасан Рухани осы телефон арқылы сұхбатта: "Еуропамен келісімдер қорытындыланған жағдайда Иран "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелеріне қайтып оралуға дайын. Санкциялар алынып тасталған жағдайда ғана Иран мен 5+1 отырысы өтуі мүмкін",-деп еске салды.
Рухани, сондай-ақ, ядролық келісімді нығайту және әлемдегі су жолдары, соның ішінде Парсы шығанағы мен Оман теңізінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуді Иранның басты екі мақсаты деп атап, мұның әлемнің, әсіресе Еуроодақ пен АҚШ-тың мүддесіне сай екенін айтты.
Франция Президенті де осы телефон арқылы сұхбатта өз елінің америкалық басшылармен келісімдерге қатысты ұсыныстар пакеті туралы өткізген қысқа келіссөздері мен шараларын баяндап: "Франция ядролық келісімнің баптарын орындау және өзара түсіністікке келу жолындағы талпыныстарын жалғастырады",-деді.