Қазақстан Президентінің Қытайға сапарында 10 ынтымақтастық құжатына қол қойылды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i43411-Қазақстан_Президентінің_Қытайға_сапарында_10_ынтымақтастық_құжатына_қол_қойылды
Бейжіңде өткен Қазақстан мен Қытай басшыларының келіссөздерінің соңында екі елдің жоғары лауазымды тұлғалары арасында әртүрлі салаларда 10 ынтымақтастық құжатына қол қойылды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қыр 12, 2019 13:20 Asia/Almaty
  • Қазақстан Президентінің Қытайға сапарында 10 ынтымақтастық құжатына қол қойылды

Бейжіңде өткен Қазақстан мен Қытай басшыларының келіссөздерінің соңында екі елдің жоғары лауазымды тұлғалары арасында әртүрлі салаларда 10 ынтымақтастық құжатына қол қойылды.

Fars ақпарат агенттігінің бейсенбі күні хабарлауынша, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бейжіңде өзінің қытай әріптесімен кездесуінде екі ел арасында 10 ынтымақтастық құжатына қол қойылғанына тоқталып: "Қазақстан мен Қытай ұзақ мерзімді жан-жақты стратегиялық әріптестігін дамытады",-деді.

Тоқаев: "Ең жоғары деңгейлерде қол жеткізілген келісімдер екі елдің ынтымақтастығын одан ары дамытуға заңды саяси негіз болады",-деді.

Қытай Президенті Си Цзиньпин осы кездесуде қазақ әріптесін жылы қарсы алып, Қазақстанды Орта Азиядағы үлкен мемлекет әрі Еуразияға ықпалы зор ел деп атады.