Трамп: Ирандықтар менімен кездескілері келеді
АҚШ Президенті бейсенбі кешке «Иран онымен келіссөз өткізгісі келеді» деген уәжін қайталады.
«Әл-Әлам» арнасының мәліметінше, Дональд Трамп Ақ үйде журналистердің алдында: «ИИР басшылары менімен кездескілері келеді»,- деді. Көптен бері қиалға түсіп жүрген Трамп сәрсенбі күні де: «Иран келіссөз жүргізіп, Вашингтонмен жаңа келісімге келгісі келеді»,- деп уәжденді. АҚШ Президенті мен оның үкіметінің жоғары лауазымды қайраткерлері, олардың ішінде бұл елдің Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео өткен айларда сан рет өз сұхбаттары мен твиттерінде тікелей немесе тікелсі емес Иранмен келіссөз жүргігілері келетіндері туралы айтты.
Трамп пен оның үкіметі Иранмен келіссөз жүргізу туралы сұхбаттарын өткен жылы Вашингтон заңсыз түрде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығып, Иранға қарсы ядролық мәселеге қатысты санкцияларын қайта енгізген жағдайда айтуда.