Канада АҚШ-тың заманауи қарашылығына жақтасып отыр
https://parstoday.ir/kz/news/world-i43442-Канада_АҚШ_тың_заманауи_қарашылығына_жақтасып_отыр
Канада үкіметі қисынға келмейтін жауластық шарада Иранның ондаған миллион доллар тұратын бұғатталған мал-мүлкін сатуға үкім шығарды. Осы заңсыз шарадан түсетін табысты "лаңкестік құрбандарының" жанұяларына төлеуді көздеп отыр.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қыр 14, 2019 17:56 Asia/Almaty
  • Канада АҚШ-тың заманауи қарашылығына жақтасып отыр

Канада үкіметі қисынға келмейтін жауластық шарада Иранның ондаған миллион доллар тұратын бұғатталған мал-мүлкін сатуға үкім шығарды. Осы заңсыз шарадан түсетін табысты "лаңкестік құрбандарының" жанұяларына төлеуді көздеп отыр.

Оттава үкіметінің бұл шарасы "лаңкестік құрбандарының" жанұяларына өтемақы төлеу сылтауымен орындалды.

Канада үкіметінің ақылға сыймайтын бұл шарасы 2012 жылы бекітілген заң негізінде жүзеге асырылып отырған сыңайлы. Ол бойынша, "лаңкестік құрбандарының" жанұялары Канадада Иранның үстінен арыз түсіріп, Иран үкіметіне тиесілі мал-мүлік пен активтерді бұғаттап, оны сатудан түскен ақшадан өтемақы ала алады.

2003 жылдың 30 мамырында ИИР-ға қарсы ешқандай шынайы құқықтық негізсіз шығарылған үкімдердің біріне сәйкес Вашингтон соты 1983 жылы Бейрутте америкалық мергендердің базасында болған жарылыста қаза тапқан 241 әскеридің жанұяларының арыздарын сылтауратып, бұл оқиғаға Иранды жазықты деп тапты. 

Мұндай сот үкімдері Канадада да шығарылды. Бірнеше жыл бұрын Канадада Иранның осы елдегі құны 13 млн доллар құрайтын активтерін тәркілеу үкімі шығарылды. Бұл сома 1983-2002 жылдар аралығында қаза тапқан америкалықтардың жанұяларына өтемақы ретінде төленуі тиіс болды.

Канадада жуырда сатылу үкімі шыққан Иранға тиесілі мүліктің қатарында Оттава университетінің жанындағы құны 26,5 млн долларды құрайтын Иран мәдени орталығының ғимараты бар. Осыған ұқсас үкім Торонтодағы құны 1,85 млн долларды құрайтын Иран зерттеу орталығының ғимаратына қатысты шығарылды. Сондай-ақ, Канададағы Иранның есеп-шоттарынан 2,6 млн доллардың заңсыз алынғаны хабарланды. 

АҚШ-тың бұрынғы шаралары мен Канаданың қазіргі әрекеттері шын мәнінде Иран халқының мал-мүлкін заманауи тізбекті ұрлау болып табылады. Шындық мынада: АҚШ-тың жауластығы ядролық мәселе және "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасымен шектелмейді. АҚШ-тың Иранға "лаңкестікке қолдау көрсетеді" деп айып тағуы – ашық өтірік. Ол АҚШ басшылары үшін саяси мақсаттарға жетудің құралына айналған. Иранның мүлкі мен активтеріне қол салу да осы мақсатта жүзеге асырылып жатыр және халықаралық заңдарды ашық түрде бұзу саналады. Бұл халықаралық қарақшылықтың нағыз үлгісі. Ол Канаданың қолдауымен әлі де жалғасып жатыр. Иран бұл салада Канада үкіметін өз мүлкін сақтауға жауапты санайды.

Осыған дейінгі шаралар көрсеткендей, Батыс басшылары, соның ішінде Канада үкіметінің Иранға қарсы шараларына қатаң жауап қайтарылмаса, Иран мүлкін талан-таражға салу тоқтамайды. Бұл заңсыз шараның АҚШ пен оның одақтастары үшін басқа елдерге қарсы қолданатын бір қысым тетігіне айналып кетуі әбден мүмкін.