Мусави: АҚШ-тың барынша қысымы мейлінше өтірікке айналды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i43446-Мусави_АҚШ_тың_барынша_қысымы_мейлінше_өтірікке_айналды
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы америкалық басшылардың Иранға қарсы уәждеріне реакциясында: «АҚШ-тың барынша қысымы мейлінше өтірікке айналды»,-деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қыр 15, 2019 10:06 Asia/Almaty
  • Мусави: АҚШ-тың барынша қысымы мейлінше өтірікке айналды

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы америкалық басшылардың Иранға қарсы уәждеріне реакциясында: «АҚШ-тың барынша қысымы мейлінше өтірікке айналды»,-деді.

Йемен армиясы мен халықтық комиттерінің ұшқышсыз ұшақтар бөлімінің Сауд Арабиясының шығысында Aramco компаниясының мұнай өңдеу зауыттарына жасаған шабуылдарынан кейін АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео сенбі күні жаңа бір уәжінде Иранды осы шабуылға жауапты деп атады.

Сейіт Аббас Мусави жексенбі күні америкалық қайраткерлердің негізсіз айыптары мен уәждерін дипломатия аясында түсінуге келмейтінін айтып: «Халықаралық қатынаста тіпті жауластықта да минималды сенім мен қисынды ая бар. АҚШ басшылары бұл минималды принципті де білмейді»,-деді.

Мусави саудиялық коалицияның 5 жылға жуық уақыт бойы Йеменге басқыншылық пен әртүрлі соғыс қылмыстарын жасап, аймақта соғыс отын тұтатқанына тоқталып: «Йемендіктер соғыс пен басқыншылыққа табанды түрде қарсы тұратынын көрсетті»,-деді.