Ертең Иран Мәжілісінің төрағасы Қазақстанға аттанады
(last modified Sat, 21 Sep 2019 11:27:02 GMT )
Қыр 21, 2019 17:27 Asia/Almaty
  • Ертең Иран Мәжілісінің төрағасы Қазақстанға аттанады

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы ертең, жексенбі күні IV Еуразия парламентаралық саммитіне қатысу үшін Қазақстанға аттанады.

IV Еуразия парламентаралық саммиті Азия мен Еуропаның 46-дан аса елі және Еуразия саласындағы халықаралық ұйымдардың қатысуымен "Үлкен Еуразия: диалог, сенім және әріптестік" деген ұранмен сейсенбі күні, 24 қыркүйекте Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани осы саммитте сөз сөйлеумен қоса, Азия мен Еуропаның кейбір елдерінің парламент төрағаларымен екіжақты кездесулер өткізіп, сұхбаттасады.

Парламенттік диалогты нығайту, Еуразия елдері арасында әсерлі әріптестікті дамыту, Еуразия елдері парламенттерінің өкілдері арасында тікелей және көпжақты байланысты қалыптастыру IV Еуразия парламентаралық саммитінің ең маңызды мақсаттарының бірі саналады.