Рухани барлық тарапты міндеттемелеріне оралуға шақырды
(last modified Tue, 24 Sep 2019 08:11:36 GMT )
Қыр 24, 2019 14:11 Asia/Almaty
  • Рухани барлық тарапты міндеттемелеріне оралуға шақырды

БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясына қатысу үшін Нью-Йоркте іссапармен жүрген ИИР Президенті барлық тараптың ядролық келісімдегі міндеттемелеріне оралуы қажеттігін қуаттады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Иран Президенті Хасан Рухани Нью-Йоркте барлық тараптың ядролық келісімдегі міндеттемелеріне оралуы қажеттігін қуаттап: «АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығуы, Иранға қарсы әділетсіз санкцияларды күшейтуі мен арандатушылық әрекеттері - Парсы шығанағы аймағындағы шиеленістің артуының негізгі себебі. БҰҰ-да Парсы шығанағы мен Таяу Шығыс аймағына бөгделердің араласуын тоқтату және аймақ бейбітшілігінің қажеттігі жолдауын жеткіземін»,- деді.

Иран Президенті Нью-Йорк сапарының негізгі мақсатын әлемдік қоғамға әділетсіз экономикалық соғыспен бетпе-бет келіп отырған Иран халқының жолдауын жеткізу деп атап: «Барлық қысымдар мен қоқан-лоққыларға қарамастан біздің халық қарсыласуы мен табандылығын жалғастыруда»,- деді.  

 

 

Тегтер