Теһран Исламабадпен сындарлы қарым-қатынасты жалғастыруға мүдделі
https://parstoday.ir/kz/news/world-i43564-Теһран_Исламабадпен_сындарлы_қарым_қатынасты_жалғастыруға_мүдделі
ИИР Президенті Рухани Нью-Йоркте Пәкістан Премьер-министрі Имран Ханмен кездесуінде Теһранның Исламабадпен сындарлы қарым-қатынасын жалғастыруға мүдделі екенін қуаттады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қыр 24, 2019 15:00 Asia/Almaty
  • Теһран Исламабадпен сындарлы қарым-қатынасты жалғастыруға мүдделі

ИИР Президенті Рухани Нью-Йоркте Пәкістан Премьер-министрі Имран Ханмен кездесуінде Теһранның Исламабадпен сындарлы қарым-қатынасын жалғастыруға мүдделі екенін қуаттады.

Иран Президенті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Хасан Рухани кездесуде Иранның екі ел арасындағы сындарлы қарым-қатынасты жалғастыратынын қуаттауымен бірге Имран Ханның Теһран сапарында қол қойылған келісімдердің тезірек жүзеге асырылуына мүдделік танытты.

Пәкістан Премьер-министрі де Иранның өткен жылдардағы Пәкістан үкіметі мен халқына көрсеткен көмектеріне тоқталып, аймақтағы шиеліністерді тоқтату үшін елінің Иранмен ынтымақтастық жасауға дайын екенін мәлімдеді. Имран Хан сондай-ақ өзі мен Пәкістан халқының атынан Ислам революциясының жетекшісі мен ирандық басшыларға алғыс айтты.