Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында Иранға қарсы айыптарын қайталады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i43574-Трамп_БҰҰ_Бас_ассамблеясында_Иранға_қарсы_айыптарын_қайталады
АҚШ Президенті Трамп БҰҰ Бас ассамблеясының 74 сессиясында ИИР-на қарсы өзінің ескі айыптарын қайталады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қыр 25, 2019 11:41 Asia/Almaty
  • Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында Иранға қарсы айыптарын қайталады

АҚШ Президенті Трамп БҰҰ Бас ассамблеясының 74 сессиясында ИИР-на қарсы өзінің ескі айыптарын қайталады.

 

Fars News агенттігінің мәліметі бойынша, Дональд Трамп сейсенбі күні БҰҰ Бас ассамблеясының 74 сессиясында Иранды лаңкестіктің қолдаушысы деп атап: «Теһран әлемнің бейбіт халықтары үшін ең үлкен дағдарыс тудырып отыр»,- деген уәж айтты. Дональд Трамп сөзінің жалғасында Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің (АҚХА) Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына табандылығын растаған 15 мәлімдемесіне сілтеме жасамастан: «Теһран ядролық қару мен зымыранға қол жеткізуге әрекет жасауда. Вашингтон Иранға мұндай қаруларға қол жеткізуге рұқсат етпейді»,- деді. АҚШ Президенті Вашингтон санкцияларының  Иранның тұрмысы орташа және төмен халқына зиян тигізіп отырғанына көзжұмбайлық танытып, санкцияларын жалғастыратынын мәлімдеді.